Айгүл Иманбаева
Текст

Жүрек әмірі

Айгүл Иманбаева

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз 1

67%
33%
Неге осы деп таң қалушы ем бәрінің
Сезім жайлы айтатыны бәрі мұң
Орындауға лажсыз көніп отырмын
Менде бүгін жүрегімнің әмірін
 
Махаббатта ақталмақпыз не деп біз
Біріміз рас бірімізге керекпіз
Қаласа егер бір жүректі бір жүрек
Ғашық адам сүйеді екен себепсіз
 
Кешіп жүрмін менде бүгін тәтті мұң
Теріп жүріп бақыт бақтың ақ гүлін
Лайым бізге бере көрсін молынан
Тағдыр өзі ұсынатын шаттығын
 
Махаббатта ақталмақпыз не деп біз
Біріміз рас бірімізге керекпіз
Қаласа егер бір жүректі бір жүрек
Ғашық адам сүйеді екен себепсіз