Айгүл Иманбаева
Текст

Менің анам

Айгүл Иманбаева

Оцените песню: Голос вверх 13 Голос вниз 1

93%
7%
Менің анам аналардың анасы
Менің анам ұрпағымның панасы
Менің анам аяулы ана жаны асыл
Ана тұтар әр Алаштың баласы
 
Қайырмасы:
Жан анашым жайнап өссің құрағың
Жан анашым жарқырасың шырағың
Жан анашым сізге арнаған ұлының
Қабыл алғын жүрек жарды бұл әнін
 
Менің анам жан – жарының ардағы
Менің анам алтын арай таңдағы
Менің анам тек жақсылық бар маңы
Ұрпағының амандығы арманы
 
Қайырмасы:
Жан анашым жайнап өссің құрағың
Жан анашым жарқырасың шырағың
Жан анашым сізге арнаған ұлының
Қабыл алғын жүрек жарды бұл әнін
 
Менің анам шаңырақтың шырағы
Менің анам берекенің тұрағы
Менің анам өнегенің бұлағы
Менің анам отбасының жыр әні
 
Қайырмасы:
Жан анашым жайнап өссің құрағың
Жан анашым жарқырасың шырағың
Жан анашым сізге арнаған ұлының
Қабыл алғын жүрек жарды бұл әнін