Қандай көркем,
Байтақ өлкем,
Аяулы, асыл атамекен
Дархан дала,
Жанға сая,
Жайнап күлген тұнған айнала
Сағындым туған жер әнімсің
Туған жер жан жырымсың
Алтын бесік тербеді мәңгі менің жанымды
Арманым сенің ақ таңыңдай
Аңсаймын сені беу дариға-ай
Өзен, жерім өзің деп соғады жүрегім
Асқар белім,
Айдын көлім,
Шалқыған сазы думан жерім
Самал ескен сағым көшкен
Қарлы шыңдар көкпен тілдескен
Сағындым туған жер әнімсің
Туған жер жан жырымсың
Алтын бесік тербеді мәңгі менің жанымды
Арманым сенің ақ таңыңдай
Аңсаймын сені беу дариға-ай
Өзен, жерім өзің деп соғады жүрегім