Айбек Қоңырбай
Текст

Кездестірді уақыт

Айбек Қоңырбай

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

Бала кезгі ару
Жүрегіме дәру
Көз алдымда сұлу бейнесі
Бала махаббатты
Дара махаббатты
Сағынады адам кейде осы
Деуші едім мен оған
Әлі есімде қалған
Сені өскенде жарым етемін
Аяқ асты келдің дәлел қылып
Жердің дөп дөңгелек екендігін
 
Тұра қалып дедім
Сен боларсың теңім
Маған сенсең сен 100% ға
Міне қандай бақыт
Кездестірді уақыт
Бекер жолықпаппыз пойызда
 
Тұра қалып дедім
Сен боларсың теңім
Маған сенсең сен 100% ға
Міне қандай бақыт
Кездестірді уақыт
Бекер жолықпаппыз пойызда
 
Бірге табысайық
Мәңгі жарасайық
Бір болайық бес күн жалғанда
Екеумізге лайық
Жұп болып ғажайып
Арманнан жетейік арманға
Ғашық қылдың мені
Күтіп жүрмін сені
Көз алдыма сақтап көркіңді
Болсаң қазір дайын
Орындайын айым
Сол кездегі берген сертімді
 
Тұра қалып дедім
Сен боларсың теңім
Маған сенсең сен 100% ға
Міне қандай бақыт
Кездестірді уақыт
Бекер жолықпаппыз пойызда
 
Тұра қалып дедім
Сен боларсың теңім
Маған сенсең сен 100% ға
Міне қандай бақыт
Кездестірді уақыт
Бекер жолықпаппыз пойызда