Көзіңді қайтем, қарайтын маған ұрланып
Сөзіңді қайтем, сиқырлы, сазды думаным
Өзімді қойшы, даусыңнан сенің құдірет
Сезімді қайтем, сезімді қайтем, сезімді қайтем тулаған

Күндерді қайтем, сынаптай сырғып, зулаған
Түндерді қайтем, ұйқымды менің ұрлаған
Өзімді қойшы, өзегім жарып өртеген
Сезімді қайтем, сезімді қайтем, сезімді қайтем тулаған
Сезімді қайтем, сезімді қайтем, сезімді қайтем тулаған
Күнімді қайтем, көрер де көздер бойдағы
Сенімді қайтем, сен десең ерке шынарым
Шынымды қойшы, шындығың жатпас жүректе
Сезімді қайтем, сезімді қайтем, сезімді қайтем тулаған
Сезімді қайтем, сезімді қайтем, сезімді қайтем тулаған
Сырымды қайтем, сыңар боп саған тумаған
Мұңымды қайтем, Мәжнүннің жолын қумаған
Өмірді қойшы, өтер де кетер өкінтіп