Аян Сейітов
Текст

Ауылым

Аян Сейітов

Оцените песню: Голос вверх 443 Голос вниз 19

96%
4%
 
Жетегіне еріп жалғанның
Қалаға жедел жетіппіз
Артынан жүріп арманның
Ауылдан шығып кетіппіз
Қайырмасы:
Арайын төгіп аспаным
Араласамда жер жерді
Ат озған ауылдастарым
Сағынып жүрмін сендерді
Қонатын көлдің бетіне
Түңгі аспаныңды-ау сағындым
Түнейтін соның шетіне
Құрдастарымды-ау сағындым
2рет
Жусаны жұпар ауылмен
Көшемнің шаңын сағындым
Ағайын туыс бауырмен
Шешемнің шәйін сағындым
Əнімнің биін тапқандай
Қамысын гүлдің сағындым
Шымберген ақын айтқандай
Дауысын төлдің сағындым
2рет
Ауылдан көшсең көш керуен
Қалада өрле өс мейлі
Ауылдан адам көшкенмен
Адамнан ауыл көшпейді