Қолыма өзің үшін жұлынған гүл алып,
Тағы да келдім саған сөзіңе жұбанып...
Жаныма жаны жақын,
Себепсіз сағынатын сұлуым сен қуанып қарсы алғаның керек...
Тағдырым-өзің үшін, ал гүлім сыйлығым,
Кел жаным орындайық жүректің бұйрығын...
Басқаны көрмегендей,
Жаныңмен сенде мендей себепсіз сүй күнім...
Соны аңсайды жүрек...
Жүрек, жүрек жүрек сені сүйдім жүрегіме бөлеп,
Жүрек, жүрек күн кешпейді енді сенен бөлек.
Тағдырыма, жан мұңына сен дауасың, демек,
Сен ғанасың керек...
Қарасаң күлім қағып, жаным-ау сәл маған,
Кетеді сұлуланып бар әлем, бар ғалам.
Жанымның жанашыры,
Көзіңнің қарашағы жүректі жаулаған...
Сенсіз қалар жүдеп...
Баладым бақытыма бейнеңді көргеннен,
Тәп-тәтті періштесің табылған сен жерден.
Құшайын,келші жаным,
Болған соң сен сыңарым жай тапқан кеудемнен,
Сенің атың- Жүрек!