Дидарың айдай толып нұрға,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қалайша маған болдың кез.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сағынту үшін жолықтың ба,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Көктемдей күлген мөлдір көз.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            қайырмасы:
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сүйем дегенің әлі есімде,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жайдары жаздың бал кешінде.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сенің көзіңнің сәулесінде,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Арманым қалды мәңгілік.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Аңсадым сені сенесің бе?
                                                                    
                                                                                                                                                
                                        
                                        
                                                                                                                                                                
                                                                            Жадымда қалған елессің де.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Түсімде тағы келесің бе?
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сағынышымды ән қылып.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қаталдау еді тағдыр неткен
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Айналдың бүгін сағымға
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Махаббат гүлі өзің еккен,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жүректің қалар бағында
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            қайырмасы:
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сүйем дегенің әлі есімде,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жайдары жаздың бал кешінде.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сенің көзіңнің сәулесінде,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Арманым қалды мәңгілік.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Аңсадым сені сенесің бе?
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жадымда қалған елессің де.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Түсімде тағы келесің бе?
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сағынышымды ән қылып.  -
                                                                    
                                                                                                                                                 
                     13
            13
        