Қаншама жылдар өтті, өзіңді көрмегелі?
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Өзгермепті сол нәзік үнің.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сағына нұр жамылған, басымдағы бағым да,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қолыма қонған құсым едің
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қадірлім қиналасың, несіне ойланасың?
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Көңілің күздей күңіреніп
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жолымыз екі тарау, тағдырға бар ма амал?
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Тіршілігіміз терең үміт.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қайырмасы:
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Көретін күнің бар екен, 
                                                                    
                                                                                                                                                
                                        
                                        
                                                                                                                                                                
                                                                            Жайдарлы күлкіңді сенің,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жақсыға жар болдың ба жаным?
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Тағдардың жазғаны болар,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Өмірдің озғаны болар,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Бақытыңды таптың ба жаным.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ашып айттық сезімді,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ақ құсым қош бол енді,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Басқа жанның бағы болдың сен.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Армандап қиялдадық,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Тағдырды жеңе алмадық,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қолымнан ұщқан құсым болдың.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қайырмасы:
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Көретін күнің бар екен, 
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жайдарлы күлкіңді сенің,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жақсыға жар болдың ба жаным?
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Тағдардың жазғаны болар,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Өмірдің озғаны болар,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Бақытыңды таптың ба жаным.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            -
                                                                    
                                                                                                                             
                     5
            5
        