Асқар Әмірбек
Текст

Қиын не бар?

Асқар Әмірбек

Оцените песню: Голос вверх 3 Голос вниз

100%
0%
 
Мұң құбылған қуаныштардан дерттерден
Қиын не бар адам жанын зерттеуден
Мен келемін өз жанымды зерттеумен
Бірде аяз бірде жалын өрт кеудем
Арзан не бар оинауменен күлуден
Қымбат не бар адам сырын білуден
Мен əуремін өз сырымды білумен
Кеше бұзып өкінемін бүгін мен
Жылдарымды еске аламын біліммен
Адамдардың жаныменен жүрегін
Ойлайтын ем бір кісідей білемін
Ажырата алмаи шуақ түнегін танығанда
Мəз болып реңін
Ертең басқа бүгін жақсы көргенім
Өз көзіме өзім ғажап сенбедім
Кесірткедеи ауыстырған өңдерін
Түсінбеймін қылығына пенденің
Жылдар боиы бірге жүріп бірге өлген
Жақыныңнан жат боларын кім білген
Адамдарды зерттей алмаи жүрмін мен
Оны зерттеу мүмкін емес білдім мен
 
 

Другие песни от Асқар Әмірбек