Не десем екен, не десем,
Айғада лайық теңесем.
Өңім бе әлде түсім бе,
Қайрылмай кеттің неге сен?
[Қайырмасы]
Ойлайсың ба, жаным, ойлайсың ба?
Балалық сезімге бойлайсың ба?
Өмір саған, жаным, сыр айтты ма?
Қуантты ма тағдыр, мұңайтты ма?
Көктемде құстар қонғанда,
Оралып сырлы орманға.
Аңсаған жүрек іздей ме?
Сағынып қарап жолдарға.
[Қайырмасы]
Ойлайсың ба, жаным, ойлайсың ба?
Балалық сезімге бойлайсың ба?
Өмір саған, жаным, сыр айтты ма?
Қуантты ма тағдыр, мұңайтты ма? -