Асхат Амангелді
Текст

Мен сені сүйеді екем (поэзия)

Асхат Амангелді

Оцените песню: Голос вверх 78 Голос вниз 4

95%
5%
Сүйеді екем, сүйеді екем сені мен,
Артық көріп көктемімнің лебінен.
Сен туралы жырлайды екен құс біткен,
Махаббатты алып ұшып көгімен.
 
Жеңіл ғана сенің аяқ басқаның,
Ұқсамайды жүрісіне басқаның.
Сенің жайлап үн шығармай күлгенің ,
Ұқсамайды күлкісіне басқаның.
 
Сенің көзің қарада емес, көк те емес,
Ол бір ғажап жарқыраған отты елес.
Сенсіз жерде жыр туындап кеудемде,
Сенсіз жерде қызыл Гүл де көктемес.
 
Сен өзіңсің , сен сезімсің мендегі,
Күмбірлетіп жіберетін кеудені.
Домбыраның құлақ күйін келтіріп,
Шерітпегенің , тартпағаның жөн бе еді.
 
Көп жүріппіз, жетер жолда аз қапты,
Баяғыдай құлпыртыпты жаз бақты.
Үнсіз ғана қоштасып ек екеуміз,
Үнсіз қайта табысуға жазбапты

Другие песни от Асхат Амангелді