Асан Пердешов
Текст

Жар-жар

Асан Пердешов

Оцените песню: Голос вверх 42 Голос вниз 4

91%
9%
Келе жатыр екі жас қарсы алайық жар-жар
Жар-жар айтып жастарға қол соғайық жар-жар
Ата-ананың аңсаған арманы бұл жар-жар           
Ғашық болып екі жас қалғаны бұл жар-жар
 
Жар-жар айту халқымның өнегесі жар-жар
Кеңей берсін жас отау керегесі жар-жар
Той бұйырсын қызың мен ұлың барда жар-жар
Бар қазақтың тойы бұл ұғыңғанға жар-жар
 
Адам-Ата Хауа-Ана ұрпағымыз жар-жар
Жұбын тапты мінекей ұрпағыңыз жар-жар
Құда-жекжат қыз беріп, қыз алысқан жар-жар
Жарылардай жүрегі қуаныштан жар-жар
 
Келін алып, қыз беру міндетіміз жар-жар
Ата-салтын әрдайым үлгі етіңіз жар- жар
Шаңырағы отаудың биіктесін жар-жар
Екі ғашық өсекке ілікпесін жар-жар
 
Екі жасқа жабылып жол берейік жар-жар
Бәрімізде осындай той көрейік жар-жар
Махаббаттың қадірін біліңіздер жар-жар
Тату-тәтті сыйласып жүріңіздер жар-жар
 
Жаңа өмірге жетелер мына думан жар-жар
Арманыңа жете бер үміт қылған жар-жар
Екі елдің арасын қосып жатсың жар-жар
Жанұяның есігін ашып жатсың жар-жар
 
Жалғыздық тек жарасты бір Аллаға жар-жар
Артта қалған еліңе алаңдама жар-жар
Ата-Ананы сыйласаң бақ табарсың жар-жар
Баталары қабыл боп шаттанарсың жар-жар
 
Перзенттерің көп болып өсіп өнсін жар-жар
Сонда ананың қадірін түсінерсің жар-жар
Осы тойды қызықтап өткізейік жар-жар
Көпшілікке шүкір айт дескізейік жар-жар