Асан Пердешов
Текст

Отыздан асып барамын

Асан Пердешов

Оцените песню: Голос вверх 33 Голос вниз 1

97%
3%
Махаббат
Махаббат болған еді.
Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,
Тапты да, түсірді ғой торға мені.
Махаббат болған еді.
 
Махаббат па қарағым?
Махаббат болған менде.
Менде барғам аққулар аққулар қонған көлге.
Ал, қазір тоңған жүрек, тоңған жүрек, солған кеуде.
Махаббат па қарағым?
Махаббат болған менде.
 
Сұқтанып тұрып жанарың,
Жүзіме неге қарадың?
Солай да, солай, қарағым,
Отыздан асып барамын.
Шашымның санап әр ағын,
Таңырқай берме, қарағым.
Санаулы басқан әр адым,
Отыздан асып барамын.
 
Ғашықтық па қарағым ?
Ғашық та бола білгем.
Ғашықпын мен бір қызға
Ғашықпын бала күннен
Жанымменен сүйемін, сүйемін жанарыммен.
Ғашықтық па қарағым ?
Ғашық та бола білгем.
 
Қуанып кейде қаламын,
Қуарып кейде қаламын.
Қартайған ата-ананың
Соңынан еріп барамын.
Солай да, солай, қарағым,
Көңілдің таппай қалауын.
Жастықтың жықпай жалауын,
Отыздан асып барамын.
 
Сұқтанып тұрып жанарың,
Жүзіме неге қарадың?
Солай да, солай, қарағым,
Отыздан асып барамын.
Шашымның санап әр ағын,
Таңырқай берме, қарағым.
Санаулы басқан әр адым,
Отыздан асып барамын.
 
Қуанып кейде қаламын,
Қуарып кейде қаламын.
Қартайған ата-ананың
Соңынан еріп барамын.
Солай да, солай, қарағым,
Көңілдің таппай қалауын.
Жастықтың жықпай жалауын,
Отыздан асып барамын.