Кәлима ғой момындар
Шайырдың сөзін андағын
Өткен өмір өкініш
Түлкі бұлан алдағың
Мағалына жете алмай
Мен-мен деген недейлер
Тістеумен өткен бармағын
Кеудедегі шыбын жан
Аманаты Алланың
Өмір теңіз біз балық
Әзірейіл балықшы
Қабамыз бір күн қармағын
Өмір теңіз біз балық
Әзірейіл балықшы
Қабамыз бір күн қармағын
Бір дем әрі не бері
Келмегендей боласын
Ұрпағынның қызығын
Көрмегендей боласын
Дүниеде көңілді
Бөлмегендей боласын
Әз әзілдің тіліне
Ермегендей боласын
Айтып-айтпай не керек
Бір қорымның сен дағы көп етесін моласын
Кеңейтесін жобасын
Біле тұра осыны
Баяны жоқ жалғанның
Байыбына бармаймыз
Шала жансар сауатпен
Шарияттан сарнаймыз
Мысалы біз көрмеген
Суданда тұңық жандаймыз
Өтірік айтып ұрлық қып
Реті келсе алдаймыз
Әлсіздерге әл бітсе
Әл бермей кетер түбі деп
Түсетін торды қамдаймыз
Жаманды жаман деймізде
Жақсының тілін алмаймыз
Өзіміз сонда қандаймыз
Жаманды жаман деймізде
Жақсының тілін алмаймыз
Өзіміз сонда қандаймыз
Әділ айтқан сөзі шын
Боламыз досты көрместей
Ғайбаттаймыз өзгені
Соңымыздан біздіңде өсек-аян ерместей
Күніміз жоқ өткерген
Болмасқа таяқ сермеспе
Боламыз-ау өлместей
Өлместің суын іздеумен
Талайдың талды ау өзегі
Айласы жоқ ажалдың
Бізгеде келер кезегі
Біз кеткен соң қалғандар
Пәленше жақсы жан еді деп
Екі талай елері
Біле тұра осыны
Бірінді бірің ғайбаттап
Күншілдік не деу керегі
Біле тұра осыны
Бірінді бірің ғайбаттап
Күншілдік не деу керегі
Күншілдік не деу керегі -