Қиялмастан қоштасамыз бекер біз
Бір бөлмеге сыйып жүріп екеуміз
Бір жүрекке сыйа алмайды екенбіз
Екеуміз - екеуміз
Қыс өтеді өтер көктем өтер күз
Тағдырыма тағы келер бөтен қыз
Ақ-қарасын солай көріп өтерміз
Екеуміз - екеуміз...
Махаббат жоқ маған да,
Саған да оған да.
Армандайтын күні түн,
Үмітім бар алда.
Біздер босқа мұңая,
Берсек бұл ғалам да
Бақыт деген жоқ онда
Саған да маған да
Қатар келер жақсылықпен жамандық
Жүректерде болғанымен адалдық
Қосылмайтын ғашықтар бо(лы)п жаралдық
Жаралдық - жаралдық..
Бола алмадың жүрегімнің теңі шын
Бірақ өзің сол жүректің емісің
Менде бардың бәрі-бәрі сен үшін
Сен үшін - сен үшін..
Махаббат жоқ маған да,
Саған да оған да.
Армандайтын күні түн,
Үмітім бар алда.
Біздер босқа мұңая,
Берсек бұл ғалам да
Бақыт деген жоқ онда
Саған да маған да
Махаббат жоқ маған да,
Саған да оған да.
Армандайтын күні түн,
Үмітім бар алда.
Біздер босқа мұңая,
Берсек бұл ғалам да
Бақыт деген жоқ онда
Саған да маған да
Қиялмастан қоштасамыз бекер біз
Бір бөлмеге сыйып жүріп екеуміз
Бір жүрекке сыйа алмайды екенбіз
Екеуміз - екеуміз