Қадірле ата-анаңды тірісінде
Бірін бақ, бірін байлық ырысым де
Алдында ата-ананың бағаланбас
Алтынды гауһар жауһар күмісің де
Анаңды аялай біл ақ сүт берген
Төрт бөліп тәтті ұйқысын түн ішінде
Әкеден қарғыс емес, алғыс алсын
Жұмақтың жүрем десе кім ішінде
Байлап бақ ата-анаңды жынды болса
Бұл нақыл үлгі қызбен ұл үшін де
Себебі дайын олар о бастан ақ
Бала деп отқа түсіп, у ішуге
Себебі дайын олар о бастан ақ
Бала деп отқа түсіп, у ішуге
Термелеп сөз айтамын саналық ей
Бұрынғы өлмесін деп баба мұра
Абайла ата-анаңыз налымасын
Қаралы қайғы алмасын қабағына
Ұрпаққа ұлағатты болғың келсе
Сыйлағын әкені де ананы да
Ата ана не жасасын алдына сол
Келеді деген мәтел баланы да
Аялап алақанға сап өтпесен
Жәннаттін исі бар ма танауына
Ғаламның ғаламатын жиіп терсең
Анаңның татымайды ау табанына
Ғаламның ғаламатын жиіп терсең
Анаңның татымайды ау табанына
Жамағат жақсы білер жұма барған
Өмірде артық жан жоқ ұлы анадаң
Анаңды сыйла деген Пайғамбар да
Қолына қасиетті Құран алған
Тірі де төбемізге көтеріп жүр
Шуақ боп шапағаты шығар алдан
Жатыр ғой күні біткен күнде кетіп
Қашып ешкім құтылмас сұм ажалдан
Сан соғып қалмағайсын ғасылдардан
Басынан көшкен шақтан мына жалған
Орыны ойсыраған тола қоймас
Жеті күн жүр бауырлар жылағаннан
Орыны ойсыраған тола қоймас
Жеті күн жүр бауырлар жылағаннан
Өсиет айтам жайсам жамағатты
Керегін алалар кім саралатты
Қараусыз қалдырып жүр ата-анасын
Кебіреу жеткеннен соң балағатқа
Күнәсін Құдай оның кешіре ме екен
Қолғап соң надан дейтін жаман атқа
Әлпештеп жүргендер бар ата-анасын
Қайтейін қарашы елді ау қаралап та
Солардын барлығына Тәубе дейміз
Бақыттың басы дайын қанағатта
Ағайын ата-ананы ардақтайық
Сай болып адам дейтін саналы атқа
Ағайын ата ананы ардақтайық
Сай болып адам дейтін саналы атқа