Асан Пердешов
Текст

Әке

Асан Пердешов

Оцените песню: Голос вверх 66 Голос вниз 1

99%
1%
Жетті ғой көзім мәңгі емес екен ештеме,
Мәңгі емес екен өмірдің шаттық күлкісі.
Жарылып жүрек кетсе де, 
Түседі екен аспанның жарық жұлдызы.
 
Қайырмасы:
Шақырсам даусым жетпейді
Сағындым сені жан әке.
Елес боп көзін кетпейді,
Сөздерін сенің бал әке...
 
Сүріне қалсам өмірдің тайғақ жолында,
Ақылынды айтып саларма едің жолыма...
Қайтемін байлық дүниені,
Жетпейді әке еш нәрсе сенің орнына...
 
Қайырмасы:
Өзінсіз өтті әркүнім, 
Шашылып көзден зар мұным.
Алыстап кеттін жан әке,
Анама артып нар жүгін.
 
Сұм тағдыр бізді ес білмей бізді айырды, 
Түсінер кім бар қазіргі менің жайымды.
Балапандарын қанат қақты,
Арнаймын әке қабыл ал осы әнімді.
 
Қайырмасы:
Қыздарын әке бой жетіп,
Ұлдарын әке ер жетіп.
Ананың айтқан ақылын,
Жүрміз ғой әке жыр етіп...