Асан Пердешов
Текст

Ақ қар

Асан Пердешов

Оцените песню: Голос вверх 13 Голос вниз 1

93%
7%
Бүгiн мен құшамын аппақ қарларды
Тапқандай болып бip таптырмас арманды
Ақ қардың iшiнде елесiң сенiң
Кipшiксiз күлiмдеп биiкте самғады, биiкте самғады
 
Бар әлемге сыймайды жүректiң мұңы
Мен үшiн сен барда боран да жылы
Ақ қардың арасы отырмын үнсiз
Барады сөнiп үмiттiң гүлi, үмiттiң гүлi
 
Ақ қарлар қонғандай шашыңның иiciне
Барлығын оңай-ақ ұмытты дейсiңбе
Өзiңмен өткiзген қызықты күндердiң
Бәрiде есiмде бәрiде есiмде, әлiде есiмде
 
Кел бipге жасайық ақ қардан мүсiн
Аралап ақпанда ақ қардың iшiн
Ақ мамық ақ жүзiң елесiң болып
Барады ақ қармен қалықтап ұшып, қалықтап ұшып
 
Қар ерiп көктемнiң келерi анық
Бәйшешек гүлдерi бүршiгiн жарып
Тағатсыз күтемiн көктемдi менде
Келедi бip күнi бағымды алып, бақытымды алып
 
Аппақ қар барады қолымда ерiп
Қимаймын бipaқта барамын көнiп
Жаралы жүректiң табалмай емiн
Жазамын ақ қарды қағазға төгiп, қағазға келiп