Асан
АПА БҮГІН МЕН САҒАН БІР СЫР АЙТАЙЫН,
БІР СЫР АЙТЫП КӨҢІЛІҢДІ БІР ҚУАНТАЙЫН.
АПА МЕНІҢ ҰНАТҚАН ҚЫЗЫМ БАР ЕДІ,
РҰҚСАТ БЕРШІ СОЛ ҚЫЗДЫ АЛЫП ҚАЙТАЙЫН
Шімән апа
ТОҚТА БАЛА АСЫҚПА СЕН МЕНІ ТЫҢДА
ШІМӘН АПАҢ ЖАЙ СӨЗДІ АЙТПАЙДЫ МҰНДА
ШӘЙІН БЕРЕ МЕ ҚАРАЙ МА ЕНЕГЕ ?
МЕНІҢ АЙТҚАН СӨЗІМЕ ОЛ ҚЫЗ КӨНЕ МЕ ?
Асан
КӨНЕДІ АПА СӨЗІҢНІҢ БӘРІН ҰҒЫНЫП
АШУЛАНЫП ҰРЫССАМДА ТҰРАДЫ ОЛ КҮЛІП,
АПА ҮЙГЕ СОЛ ҚЫЗДЫ КЕЛІН ҚЫЛАЙЫҚ
ТАҢЕРТЕҢНЕН СӘЛЕМ САЛЫП ТҰРСЫН ИІЛІП
Шімән апа
ОРАМАЛЫН БАСЫНАН ТАСТАМАЙ МА
БАЙЛЫҚ ҚОНСА ҚОЛЫНА МАСТАНБАЙ МА
КЕЛЕ САЛЫП КҮЙЕУІН БАСҚАРМАЙ МА
ОБЩЫМ БЫЛАЙ МЕН АЙТАЙЫН КЕЛІН ТЫҢДАСЫН
ҚЫСҚА ЮБКА КИІП АЛЫП ТАЙРАҢДАМАЙ
САҒЫЗ ШАЙНАП АЛДЫМДА ШАЙНАҢДАМАЙ
БОЛМАШЫҒА ЕРІК БЕРІП КӨЗ ЖАСЫНА-АЙ
ЕКІ ЕЛДІҢ ІШІНЕ СӨЗ ТАСЫМАЙ
ЖАСАТЫП АҚ ЖҮРГЕНДЕЙ ТЕГІН ТАЛОНҒА
ӘР КҮН САЙЫН ЖҮГІРМЕСІН СӘНДІК САЛОНҒА
ОБЩЫМ РОВНА ЖҮРСІН МЕН АЙТЫРЫМДЫ АЙТТЫМ ӨЗІ ҚАРАЙДЫ ДА ЕНДІ
Асан
ҚАМЫРЫҢДЫ ИЛЕЙДІ ТАБАҚҚА ҰН САП
АПА ОНЫҢ ПІСІРГЕН НАНЫ ДА ЖҰМСАҚ
АТ ТЕРЛЕТІП АЛЫСТАН ҚОНАҚ КЕЛГЕНДЕ
МЕНІ ЕМЕС ОТЫРАСЫҢ СОЛ ҚЫЗДЫ ЖҰМСАП
Шімән апа
АЛДЫМЕНЕН ЖАСАСЫН СЕНІҢ ЖАЙЫҢДЫ
ҚҰРМЕТ ҚЫЛЫП СЫЙЛАДЫМ МЕНДЕ ШАЛЫМДЫ
ШАШЫ ҰЗЫН БА, ТАМАҒЫ ШЫРЫН БА ?
ШАШЫН ҚИЫП ТИМЕСІН МЕНІҢ ЖЫНЫМА
Асан
АПА ОНЫҢ ШАШТАРЫ ҚАП ҚАРА ҰЗЫН
ТАМАҒЫҢА ДӘМ КІРГІЗІП САЛАДЫ ОЛ ТҰЗЫН
АҚ СУЫҢДЫ ҚАЙНАТЫП ШӘЙ САП КЕЛГЕНДЕ
ӘЛІ ОНЫ КЕЛІН ЕМЕС ДЕЙСІҢ СЕН ҚЫЗЫМ