Аршын Жолдасхан
Текст

Қызғаншағым

Аршын Жолдасхан

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

 
Шырылдап телефоныңнан
Естіліп қалса музыка
Ересің аңдып соңымнан
Келеді күмән ойыңа
Жарқылда жанарың
Жасырып алды қылығың
Сезілді маған сенбісің
Сен олай етпе сұлуым
 
Қайырмасы
Еркеле күндей жайна
Теңейін сені айға
Жолыңа жар болудан
Жарқыным әсте тайма
 
Жанарың менің жасырды
Орынсыз қоймай ашуды
Қызғаныш билеп бойымды
Ауыртып қойдың басымды
Түсінбей менің жанымды
Бекерге жүрек ауырды
Түсінсең менің жанымды
Арнаймын саған барымды
 
Қайырмасы
Еркеле күндей жайна
Теңейін сені айға
Жолыңа жар болудан
Жарқыным әсте тайма