1. Таба алмай лайық сыңарын,
Талай жалғыз жүр адам.
Болғаның үшін шын бағым,
Мен мәңгілік қуанам.
Қ-сы: Болмасын бізде қара аспан,
Жарқын таңдар тілейік.
Жандар болып жарасқан,
Бақытты өмір сүрейік.
2. Қондырып мені қасыңа,
Бар жақсыңды сыйладым.
Кездескен сендей асылға,
Мен де жаным ризамын.