Арнау тобы
Текст

Әдемі-ау

Арнау тобы

Оцените песню: Голос вверх 3 Голос вниз

100%
0%
Бұлбұл құс туған жерден гүл іздейді,
Күдерін құштарынан бір үзбейді.
Келесің гүл боп, еркем, көз алдыма,
Өзіңді мен іздемей кім іздейді!
 
Арына махаббаттың шырай керек,
Шын сүйген азабына шыдайды көп.
Ән айттым арнап саған ұнай ма деп,
Әдемі-ау, мені сүйсең мұңайма тек.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Арманымның нұры,
Ақындықтың сыры,
Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау.
Көңілімнің сазы,
Өмірімнің жазы,
Қайда жүрсің, Әдемі-ау.
 
Өзің ғой өміріме сән берген де,
Дүниеде саған ару тең келген бе?
Сәулем-ау, сен келесің көз алдыма,
Ақ қайың самал желмен тербелгенде.
 
Жас жаным сені аңсамай төзе алар ма,
Өзгелер сені мендей сезе алар ма?
Ақ толқын жағалауға асыққанда,
Айым-ау, сен келесің көз алдыма,
 
Қ а й ы р м а с ы.