Туған жерім орман жері даламның
Басымды иіп табынамын саған мын
Сенде өтті әлдиімен әжемнің
Қасиетті ізі қалған бабамның
Ойығы мен бүлдіргені піскен жер
Ақ жайығым қанып су ішкен жер
Жалындаған әкем жігіт атанып
Жан анашым келін болып түскен жер
қайырмасы:
Сүйіп айтар бұл әнім менің
Ақ жайығым жанарым менің
Аққулардың арманы қалған
Алтын бесік Оралым менің
Бақытынды тілеп жүрмін қашықта
Дана рухын бойымда қан тасытқан
Сағынғанда саған қарай жүгірем
Қарлығаштай ұясына асыққан
қайырмасы:
Сүйіп айтар бұл әнім менің
Ақ жайығым жанарым менің
Аққулардың арманы қалған
Алтын бесік Оралым менің
Тай тулатқан түбегім менің
Армандай ақ тілегім менің
Өзіңді аңсап Ата мекенім
Соғады тулап жүрегім менің
қайырмасы:
Сүйіп айтар бұл әнім менің
Ақ жайығым жанарым менің
Аққулардың арманы қалған
Алтын бесік Оралым менің -