Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.
Анамның тілі — айбыным менің,
Анамның тілі — ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі — өмірді думан.