Болмасаң бір сәт жанымда
Айналар күнім сағымға
Білесің жаным ұмытам бәрін
Құшақтап алған шағыңда
Қайырмасы:
Ғашық қылған бәрінен асып туған
Дарасың сен дарасың
Маған жанашыр өзің ғанасың
Тапқан жаным мен жарасын
Дарасың жаным расында
Сырыңды менен жасырма
Нұршашқан күндей
Құлпырып гүлдей
Жүремін мәңгі қасыңда
Қайырмасы:
Ғашық қылған бәрінен асып туған
Дарасың сен дарасың
Маған жанашыр өзің ғанасың
Тапқан жаным мен жарасын