Ануарбек Темірлан
Текст

16 жыл (поэзия)

Ануарбек Темірлан

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз

100%
0%
 
16 жыл құр босқа өтті мекен
Уақытым құр пайдасыз кетті мекен
Дос болып жүрді мекен кімдерменен
Жат болып кетті мекен кімге бөтен
16 жыл не берді мына маған
Қалды ғой көп дауларым шыға алмаған
Калды ғой бəрі қалды келмес енді
Кездер қалды сүйгеніме жыр арнаған
Уақытты қайтара алар шамаң барма
Адалмын адал болған адамдарға
Қазір қу түлкінің бірі міне
Не деймін енді мына замандарға
Үлкен кеме жолыда ұзақ бəлкім
Мүмкін салар алтыға тұсақты əр кім
Досыңныңда сатуы əбден мүмкін
Бірге жүріп серттескен бұзып антын
Əлі талай алдыңда сынақтар бар
Досыңда пайда болар сыр ақтарар
Бастысы өзіңе сен сенімді бол
Не дейді деп ойлама сен басқалар.
Ғашығыңда кездесер шын берілген
Жүзінен күлгенде нұр төгілген
Кездеседі армандаған сен ару қыз
Сөйлегенде сөйлейді шын сезіммен
Өтеді бəрі өтеді тоқтамайды
Есіңе ал жылдарды өткен айды
Бос өткізіп уақытыңды қалма өкініп
Өкіндірген өйткені ол талайды.
16 жыл өтті кетті енді оралмас
Тоналған заттарда енді еш оралмас
Зымырап өтсе тағы 16 жыл
Есімізден ешқашан бұл жоғалмас.
 

Другие песни от Ануарбек Темірлан