Өсірдің, бақтың мәпелеп
Айтпадың ісің қате деп
Қарызың қалай өтелер
Келесің әлі жетелеп
Қадірің келген өлшенбей
Бар мекендейік дүрсіндей
Жүк болған күнді ойласам
Жылағым келеді кемсеңдей
Бауырың басқан жып-жылы
Құшағың байтақ жер сен ғой
Әлемде ешбір әйел зат
Ажарлы емес дәл сендей
Сұлу да емес дәл сендей
Жаулығың жиі желбіреп
Жүрегің мен деп елжіреп
Ізіңді жалғап келемін
Моншақтай жаным мөлдіреп
Қадірің келген өлшенбей
Бар мекендейік дүрсіндей
Жүк болған күнді ойласам
Жылағым келеді кемсеңдей
Бауырың басқан жып-жылы
Құшағың байтақ жер сен ғой
Әлемде ешбір әйел зат
Ажарлы емес дәл сендей
Сұлу да емес дәл сендей
Үміттің отын жандырған
Үй ішін жарық ән қылған
Біздерге өмір сыйлаған
Анашым саған жан құрбан
Қадірің келген өлшенбей
Бар мекендейік дүрсіндей
Жүк болған күнді ойласам
Жылағым келеді кемсеңдей
Бауырың басқан жып-жылы
Құшағың байтақ жер сен ғой
Әлемде ешбір әйел зат
Ажарлы емес дәл сендей
Сұлу да емес дәл сендей
Сұлу да емес дәл сендей