Сағындым мөлдір көздерді
Еркелеп айтқан сөздерді,
Ұмытам, жолымыз бөлек.
Сезімді жүрдім жасырып,
Көз ілмей таңды атырып,
Сөзімді айттым асылым.
Сен менің жүрегімнің музасы,
Жыр жазамын,
Мен өзіңді сағынып,
Қара қалам, ақ парақпен сырласып,
Қалдым оңаша.
Жүрекке ауыр батқаны,
Таңдадың неге басқаны,
Бақыт тек, тілегім осы.
Жасырын тыңдап әнімді,
Еске алшы менің барымды,
Түсінші менің жанымды.
Сен менің жүрегімнің музасы,
Жыр жазамын,
Мен өзіңді сағынып,
Қара қалам, ақ парақпен сырласып,
Қалдым оңаша.