Шын сүю деген ғажап ақ
Бағынды жүрсең бағалап
Кешіксең білмей қадірің
Тағдырды жүрме жазалап
Күрмеуі қиын түйіні ай
Сыңарсыз болмай күйім ай
Ғашықтық бөліп араны
Сүйгенге жетпеу қиын ай
Шын сүю деген ғаламат
Бақтарды жүрсең аралап
Өмірге мынау назданып
Қосылған ғашық аз ғана
Шын сүйіп әркез бағала
Бұл жүрек деген аманат
Кеудеге оны паналап
Аялап сақта барынша
Сөзбенен алма жаралап
Өшірмей оның жалындап
Жүректі алма жаралай
Арманым кетер тағы алдай
Адал бол аппақ сезімге
Алтыннан артық бағаң ай
Күрмеуі қиын түйіні ай
Сыңарсыз болмай күйім ай
Ғашықтық бөліп араны
Сүйгенге жетпеу қиын ай
Шын сүю деген ғаламат
Бақтарды жүрсең аралап
Өмірге мынау назданып
Қосылған ғашық аз ғана
Шын сүйіп әркез бағала
Бұл жүрек деген аманат
Кеудеге оны паналап
Аялап сақта барынша
Сөзбенен алма жаралап
Өшірмей оның жалындап