1.Көрген күннен таң саған,
Күнім менің аңсаған
Күтіп едім тағат таппай
Бір болуды қаншадан
Сыпайылық сән саған
Наздануда сән саған
Бәріненде ең бастысы
Тәкаппарлық тән саған
Арнап әсем ән саған
Әр таңымды қарсы алам
Айдын-көлдей арайлы
Аққуымсың аңсаған
Бұл өмірде жоқ шығар
Мендей ғашық дәл саған арайлым
2.Қадалатын да саған
Көздер қанша самсаған
Соның бірін өзің дағы
Шығарсың-ау аңсаған
Қызықса да қанша жан
Қызғанумен баршадан
Қосылуды тосуменен
Қанша мезгіл шаршағам
Арнап әсем ән саған
Әр таңымды қарсы алам
Айдын-көлдей арайлы
Аққуымсың аңсаған
Бұл өмірде жоқ шығар
Мендей ғашық дәл саған арайлым
пройгыш
Арнап әсем ән саған
Әр таңымды қарсы алам
Айдын-көлдей арайлы
Аққуымсың аңсаған
Бұл өмірде жоқ шығар
Мендей ғашық дәл саған арайлым
Көрген күннен таң саған...
Күтіп едім тағат таппай...
Сыпайылық сән саған...