Алтынбек Сүндет
Текст

Есті мені

Алтынбек Сүндет

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

 
Күнімде күлімдей дидарың жайнаған гүліңдей
Әдемі әнімдей тербеп
Бағалым менің қалағаным менің
Самалындай балауса көктемнің
Жанарымда менің сұлу бейнең сенің
Сол бейнеңді бой тұмар еткенмін
 
Қайырмасы
Қайта қайта айта берем
Есіміңді жаным есіміңді
Жүрек сен деп мәңгі айтады
Есті мені жаным есті мені
Қалауым менің қалаулым менің
Қайда қайда жайдары жанарың сенің
Қалағаным менің дара бағым менің
Қайта қайта айтамын есті мені
 
Лағылдай бағымдай
Баурады махаббат балдай
Өшпейтін жанымдай аяулы таңдар
Маралым менің таңдағаным менің
Белгісіндей бақытты сәттердің
Дара бағым менің аяладым сені
Өзіңді аңсап талай күн өткердім
 
Қайырмасы
Қайта қайта айта берем
Есіміңді жаным есіміңді
Жүрек сен деп мәңгі айтады
Есті мені жаным есті мені
Қалауым менің қалаулым менің
Қайда қайда жайдары жанарың сенің
Қалағаным менің дара бағым менің
Қайта қайта айтамын есті мені