Үшқоңыр Алатаудың қойнауыңда
Әкемнің ізі қалған жайлауыңда
Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп
Арқарың жайылатын аймағыңда
Қайырмасы:
Ай, Үшқоңырым, туған жерім
Рахым нұры тұнған жерім
Ай, Үшқоңырым, тал бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің
Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар
Бабалар тұлпарының дүбірі бар
Бұл жерде Жамбыл-'Жәкең' өлең айтқан
Өнердің, ақындықтың тұғыры бар
Қайырмасы:
Ай, Үшқоңырым, туған жерім
Рахым нұры тұнған жерім
Ай, Үшқоңырым, тал бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің
Шындарың Төле бидің қалпағындай
Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай
Жуасы, қарқаты, бүлдіргені
Әжемнің шекер қосқан талқанындай
Қайырмасы:
Ай, Үшқоңырым, туған жерім
Рахым нұры тұнған жерім
Ай, Үшқоңырым, тал бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің
Көрінер сонадайдан анық маған
Шыңында қырандары қалықтаған
Самғаған қыранына құмар қылып
Өсірген ұландарын алып далам
Қайырмасы:
Ай, Үшқоңырым, туған жерім
Рахым нұры тұнған жерім
Ай, Үшқоңырым, тал бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің
Алтынбек Қоразбаев