Алатаудың сен-дағы бұлбұлы едің,
Озып келер жарыстан дүлдүлі едің, Кенеке.
Сүйінбай мен жамбылдың орнын басқан,
Қазағымның сен-дағы бір гүлі едің, Кенеке.
Қайырмасы:
Желбіреген ақ күміс,
Сақалыңды сағындым.
Жайлауындай даланың,
Шапаныңды сағындым.
Ән мен күйдің кені екен,
Айналайын берекем.
Шырылдаса бозторғай,
Сен екен деп қаламын.
Ақ сақалды абызды,
Кенекем деп қаламын.
Шілдедегі нөсердей шаңды басқан,
Сағынды елің әніңді – мәңгі дастан, Кенеке.
Күн күлімдеп шыққанда көкжиектен,
Дауысыңды аңсаймын таңға ұласқан, Кенеке!
Қайырмасы:
Желбіреген ақ күміс,
Сақалыңды сағындым.
Жайлауындай даланың,
Шапаныңды сағындым.
Ән мен күйдің кені екен,
Айналайын берекем.
Шырылдаса бозторғай,
Сен екен деп қаламын.
Ақ сақалды абызды,
Кенекем деп қаламын.
Алтынбек Қоразбаев