Алтынбек Қоразбаев
Текст

Melo'Men-ді таныстыру

Алтынбек Қоразбаев

Жігер балам қал қалай
Мінезің бар балғадай
Бойың биік теректей
Оқтау жұтып алғандай
 
Қайрат Жігер Ролан Ғабит Меломен
 
Теке сақал Қайратым
Біледі екен пайдасын
Үйге тастап келінді
Асырып жүр айласын
 
Қайрат Жігер Ролан Ғабит Меломен
 
Роландай баламыз
Әп — әдемі қараңыз
Әзіл айтқыш пародист
Жақын тартты-ау арамыз
 
Қайрат Жігер Ролан Ғабит Меломен
 
Ғабит бала сұр бойдақ
Дискотека қыз ойнақ
Артында жүр 60 қыз
Қазір тұр -ау кімді ойлап
 
Қайрат Жігер Ролан Ғабит Меломен