Жанымды өртеп жүргеніңде жалпы мұң
Тағдырыма тап болғансың жарқыным
Сені көріп қуандым шын, жүректегі жұбанышым
Сөндірмеші жанарыңның жарқылын
Аласармас ардағым ай, орындалсын арманың ай
Туғын күнің құтты болсын, алтыным
Бүгін сенің туған күнің шаттан шын
Есте мәңгі осы керіп шат қылсың
Күрсінбеші күлімдеші менің күнім деші
Мына өмірде сүрінбеші жарқыным
Жұлдыздай боп жарқырашы
Көңіліңнің құлпын ашып
Білегіңді берсін деймін Тәңірім