Есігімді ашып, ерік кіргелі,
Сен болып бақыт келіп тұр ма еді?
Қарақат көзің, әніңмен алғаш.
Еліттің мені,
Еріттің мені.
[Қайырмасы:]
Құшағымды ашып, көңілім тасып,
Бірге жүрген күндерімді сағындым.
Бақытым менің, жақұтым менің, кел, кел, кел,
Ғашығым менің, асылым менің, сен, сен, сен.
Көзімде неге көл дірілдедің,
Солмаса екен енді гүлдерім.
Қуансаң қуан, мұңая көрме.
Моншақтай мойыл, мөлдірім менің.
[Қайырмасы:]
Құшағымды ашып, көңілім тасып,
Бірге жүрген күндерімді сағындым.
Бақытым менің, жақұтым менің, кел, кел, кел,
Ғашығым менің, асылым менің сен, сен, сен.
Жұлдызым жанып, жайнасын бағым.
Бұлбұлым қонып, сайрасын бағым.
Хабарын келмей, қамығып жүрмін, сағынып жүрмін,
Қайдасың жаным?
[Қайырмасы:]
Құшағымды ашып, көңілім тасып,
Бірге жүрген күндерімді сағындым.
Бақытым менің, жақұтым менің, кел, кел, кел,
Ғашығым менің, асылым менің сен, сен, сен.
Әні мен сөзі: И.Сапарбай -