Көзіме көзің қадалды,
Мен сонда бірден сезіндім,
Бейтаныс осы адамды,
Аңсаған, сірә, кезім мың.
Өзіңнен енді жанарды,
Тайдырып кете алмаспын.
Кездесу сол бір аяулы,
Сезімге тәтті жалғасты.
[Қайырмасы:]
Көгіңде күн боп күлемін,
Түніңде ай боп жүземін.
Өзіңмен егіз тағдырым,
Өзіңмен егіз жүрегім.
Ерніме ернің тиген күн,
Алабұртқан бір күйге ендім.
Өзіңе бұрын кездеспей,
Жер басып қалай жүргенмін.
Көктеммен дайым күз егіз,
Шаттық пен уайым мұң егіз.
Қандай жол тағдыр тосса да,
Біз енді бірге жүреміз.
[Қайырмасы:]
Көгіңде күн боп күлемін,
Түніңде ай боп жүземін.
Өзіңмен егіз тағдырым,
Өзіңмен егіз жүрегім
Әні: Ә.Ботақараев
Сөзі:Н.Бердалы -