Айна көлдей мөлдіреген тұнық көздерің,
Ойға оралсам тағат таппай жаным төзбедім.
Әлде жаным, жаралдың ба?..
Жырлап мәңгі жайнатуға бағын өзгенің.
[Қайырмасы:]
Күн демей,
Түн демей,
Мұңаям үндемей,
Көз ілмей таңды, қарсы алам мәңгі
Ойлаумен сені күндер қайда кешегі?
Жылдар жылжып судай зырғып айлар ағады,
Қалың орман бөліп жатыр таулар араны.
Аңсап жүрек шағаладай,
Менің жаным саған қарай қанат қағады.
[Қайырмасы:]
Күн демей,
Түн демей,
Мұңаям үндемей,
Көз ілмей таңды, қарсы алам мәңгі
Ойлаумен сені күндер қайда кешегі?
Жан бар ма өзіңдей?
Түнімен көз ілмей,
Ойлаймын сені, аңсаймын сені.
Оралшы, жаным, менің асыл ардағым.
Ардағым-ау, арманым- ау,
Амалым жоқ сенші жан мұңы
Амалым жоқ, сенсің бағым, сенсің жаным-ау
[Қайырмасы:]
Жан бар ма өзіңдей?
Түнімен көз ілмей.
Ойлаймын сені, аңсаймын сені,
Оралшы, жаным, менің асыл ардағым.
Әні: А.Дүйсенов
Сөзі: А.Дүйсенбі -