Алтынай Жорабаева
Текст

Өмір-өмір

Алтынай Жорабаева

Оцените песню: Голос вверх 49 Голос вниз 2

96%
4%
Өмір-өмір арманшыл алаулы күндерім,
Өмір-өмір қиялшыл жұлдызды түндерім.
Өмір-өмір арайлап ататын ақ тандар,
Өмір-өмір махаббат белгісі, гүлдерім.
 
[Қайырмасы:]
Арман тірлігімнің күні,
Арман жүрегімнің үні,
Арман, арман өмірімнің гүлі.
 
Өмір-өмір жазбаған жалаулы жырларым,
Өмір-өмір ашпаған құрбыма сырларым.
Өмір-өмір қырандай мен самғар биікке,
Өмір-өмір шөлдерде жайқалған гүл бағым.
 
[Қайырмасы:]
Арман тірлігімнің күні,
Арман жүрегімнің үні,
Арман, арман өмірімнің гүлі.
 
Өмір-өмір тулаған тіршілік қамысын,
Өмір-өмір жүрекке от берген жалынсын.
Өмір-өмір жан құрбы сыйлаған махаббат,
Өмір-өмір мәңгілік естіген шағымсын.
 
[Қайырмасы:]
Арман тірлігімнің күні,
Арман жүрегімнің үні,
Арман, арман өмірімнің гүлі.
-