Алтынай Жорабаева
Текст

Қызға тілек

Алтынай Жорабаева

Оцените песню: Голос вверх 16 Голос вниз 1

94%
6%
Ұлымды ұяға, қызымды қияға қондырдым
Арайын шашып бір, тұрғандай ғашық бұл таң нұрым
Бақыттан күй кешіп, мен тұрмын үндесіп жүрекпен
Əн арнап сендерге, жол ашқан ертеңге шын ниетпен
 
 
[Қайырмасы]
Бақытты болсын деп қызым, жат жерде жарқырап жүзің
Жүрсін деп тіледім. күн едің гүл едің қызым.
Жарыңның бақыты өзің, мəңгілік болсын деп сезім
Тіледім жарыңның бағы бол таңы бол қызым
Қос аққу секілді сендер,
Жүзіңдер айдынды көлде
Жұптарың жазылмай бірге бірге.
 
 
Сəукелең жарасып, ажарың таласып айменен
Анаңдай силарсың ол сенің сырласың қайненең
Құрметтеп атаңды ал тілек батаны самғарсың
Ақылын аларсың бақытты боларсың жанарсың.
 
 
[Қайырмасы]
Бақытты болсын деп қызым, жат жерде жарқырап жүзің
Жүрсін деп тіледім. күн едің гүл едің қызым.
Жарыңның бақыты өзің, мəңгілік болсын деп сезім
Тіледім жарыңның бағы бол таңы бол қызым
Қос аққу секілді сендер,
Жүзіңдер айдынды көлде
Жұптарың жазылмай бірге бірге.
Қос аққу секілді сендер,
Жүзіңдер айдынды көлде
Жұптарың жазылмай бірге бірге.
 
 
[Қайырмасы]
Бақытты болсын деп қызым, жат жерде жарқырап жүзің
Жүрсін деп тіледім. күн едің гүл едің қызым.
Жарыңның бақыты өзің, мəңгілік болсын деп сезім
Тіледім жарыңның бағы бол таңы бол қызым
Қос аққу секілді сендер,
Жүзіңдер айдынды көлде
Жұптарың жазылмай бірге бірге.
Қос аққу секілді сендер,
Жүзіңдер айдынды көлде
Жұптарың жазылмай бірге бірге.
 
 
Әні мен сөзі: Бауыржан Қошқарбаев -