Алтынай Жорабаева
Текст

Құрбыжан

Алтынай Жорабаева

Оцените песню: Голос вверх 45 Голос вниз 4

92%
8%
Нені ойладың құрбыжан, нені ойладың?
Ойға батқан жүзіңе қарайладым.
Алыс арман үміттің сәулесіндей,
Абайладым көзіңде арай барын.
Алыс арман үміттің сәулесіндей,
Абайладым көзіңде арай барын.
 
Нені ойладың, жол таппай қамалдың ба?
Таппадың ба әлде оны таба алдың ба?
Ойлаған жөн алды-артын барлық жағын
Ойла құрбым жақсыны, жаманды да,
Ойлаған жөн алды-артын барлық жағын
Ойла құрбым жақсыны, жаманды да.
 
Алдың - арман, әйтсе де абайлағын,
Әлденеге үңіліп қарайладың.
Білгім келіп барады, білгім келіп,
Нені ойладың құрбыжан, нені ойладың?
Білгім келіп барады, білгім келіп,
Нені ойладың құрбыжан, нені ойладың?
 
Әні:И.Жақанов
Сөзі:А.Шамкенов -