Алтынай Жорабаева
Текст

Бесік басында

Алтынай Жорабаева

Оцените песню: Голос вверх 55 Голос вниз

100%
0%
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ
Баламды ұйықтап жатқан,
Баламды ұйықтап жатқан тербетуге.
 
Ұйықта, ұлым, ұйықта, бөпем, қасыңдамын,
Керек емес, дүние, асылдарың!
Бақыт, байлық - барлығы бір мен үшін
Мойныма бір кеп сенің,
мойныма бір кеп сенің асылғаның.
 
Аймалайсың жанымды күлкіңменен,
Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген.
He дейсің сен бұртиып, айтшы, сәулем,
жүректі қытықтаған
жүректі қытықтаған бір тілменен!
 
...Қандай ғана анадан туады адам,
Сәбилердің ұйқысын куалаған?!
О, тыныштық! Тыныштық қандай рақат!
сәбилер қандай рақат
сәбилер қандай рақат жыламаған!
 
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Кім болсан ұл бол мейлің, рұқсат жоқ
Баламды ұйықтап жатқан,
Баламды ұйықтап жатқан тербетуге.