Асан қайғы, Бөгенбай, Қорқыт өткен Астана,
Кеңесары, Наурызбай жортып өткен Астана,
Ақан, Ғазиз, Біржан сал әнін қосқан Астана.
Әлемге атыңды жырлаймын Астана,
Сүйемін өзіңді, Астана, бас қала!
Амангелді Патшадан қаймықпаған Астана,
Махаббатын Мағжанға айнытпаған Астана.
Сәкен, Сәбит қаламда жасым болған Астана,
Балуан, Шолақ күреске басым болған Астана
Азаттықты аңсаумен ой кернеген Астана,
Бөлшектеуге қазақты бой бермеген Астана.
Арманына Сәтпаев азық тапқан Астана,
Астана деп Нұрсұлтан қазық қаққан Астана!
Әні:Ж.Кеңесов
Сөзі: Қ.Олжай -