Алтынай Жорабаева
Текст

Ана туралы әндерден попурри

Алтынай Жорабаева

Оцените песню: Голос вверх 142 Голос вниз 11

93%
7%
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін жинадың сен маған
Сен бердің құстардың қанатын самғаған
Балалық қоштарым өзіңе арналған
 
Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңілді көктемдей көзіңнен танимын
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңілді көктемдей көзіңнен танимын
 
Мереке күніңмен
Қарсы алам өзіңді
Сәбилік сезіммен
Арнаймын сөзімді
 
Көргенше алаңмын
Аңсаймын толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған
 
Шет жүрсем - сағынарым,
Жабықсам - шағынарым
Анашым, бір өзіңсің
Табынарым
 
Анашым, шалқып күлсең
Алдымда ұзақ жүрсең
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды