Аллажар Қайбар
Текст

Ел тірегі Елбасы

Аллажар Қайбар

 
Қасиет қонған қазналы керім
Нұрымдай жаухар заңғар əлемнің
Жерім бар ғажап қыранды көгім
Ұранды мекен мəңгілік елім
Аялап жерін ардақтап елін
Байрақты асқақ ел орда төрім
Жеткізді міне аңсаған күнге
Антына берік аянбас ерім
 
Қайырмасы
Ар намысы жерімнің
Алтын тəжі елімнің
Ел тілегі жан аға
Ата берсін ғұмырың
 
Мызғымас менің елімнің көші
Шалқыған көгім дəулет ырысым
Елім бар еркін текті ұраны
Бағалай білген бейбіт ғұмырды
Береке бірлік бастауы болған
Еліме дархан бақ болып қонған
Киелі елім кең байтақ елім
Тарихын жасап дастанын жазған
Армандарға аңсаған берекені бастаған
Арта берсін елімде ұлы даңқым ұраным
 
Қайырмасы
Ар намысы жерімнің
Алтын тəжі елімнің
Ел тілегі жан аға
Ата берсін ғұмырың