Көктем қандай шырайлы, шұғылалы,
Мың құлпырып қызғалдақ құбылады.
Бақытты жан екеуміз бар әлемде,
Ешкім сырын білмейді мұның әлі.
[Қайырмасы:]
Таң қаламын келбетіңе қараймын да,
Ғарыштағы сәулелерден жаралдың ба?
Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені –
Оттай ыстық жүрегіммен ар алдында.
Ғашық жардың аяулы ақ тілегі
Аялаған арманның тәтті лебі
Жалғыз сенің айнымас махаббатың
Тебірентті, толқытты қатты мені
[Қайырмасы:]
Таң қаламын келбетіңе қараймын да,
Ғарыштағы сәулелерден жаралдың ба?
Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені –
Оттай ыстық жүрегіммен ар алдында.
Көктем қандай шырайлы, шұғылалы,
Мың құлпырып қызғалдақ құлпырады.
Бақытты жан екеуміз бар әлемде,
Ешкім сырын білмейді мұның әлі.
[Қайырмасы:]
Таң қаламын келбетіңе қараймын да,
Ғарыштағы сәулелерден жаралдың ба?
Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені –
Оттай ыстық жүрегіммен ар алдында. -