Альбина Шардарова
Текст

Сағынасың ба

Альбина Шардарова

Оцените песню: Голос вверх 435 Голос вниз 5

99%
1%
Сөздерің қайда?
Ғашық қылатын
Көздерің қайда шуағын шашып тұратын.
Кездерің қайда?
Асықтыратын
Шын бақыт қайда бізге жол ашып тұратын.
 
Сағынасың ба?
Сағынасың ба?
Жалғыз қалғанда дәл мендей жабығасың ба?
Сағынасың ба?
Сағынасың ба?
Армандайсың ба болса деп тағы қасыңда.
 
Құшағың қайда?
Сағындыратын
Сыңарым қайда жаңылсам жанымды ұғатын.
Мінезің қайда?
Бағындыратын.
Сезімім қайда сағынсам сабыр қылатын.
 
Сағынасың ба?
Сағынасың ба?
Жалғыз қалғанда дәл мендей жабығасың ба?
Сағынасың ба?
Сағынасың ба?
Армандайсың ба болса деп тағы қасыңда.