Алашұлы тобы
Текст

Жекпе-жек

Алашұлы тобы

Оцените песню: Голос вверх 18 Голос вниз

100%
0%
Түндігінен ту көтерген аспанның
Ұлы дала ұлықтаған дастанмын
Тау көтерген Толағайдың қолымен
Дұшпанымның көкірегін басқанмын
 
Ұлтыма, рухыма, қуат болған ерім осындай
Жерұйық жұртыма жұмақ болған жерім осындай
Сардар ұландай
Салған ұрандай
Самға қырандай
Азаттығың, ғажап күнің, қазақтығың шалқып ұшса арманың бар ма-ай!
 
Намыс қайрап айтарым сол мәрт ұлға
Тау қопарар талабыңнан тартынба
Қандай ауыр сын сағаты соқса да
Қалың елің, қазағың тұр артыңда
 
Ұлтыма, рухыма, қуат болған ерім осындай
Жерұйық жұртыма жұмақ болған жерім осындай
Сардар ұландай
Салған ұрандай
Самға қырандай
Азаттығың, ғажап күнің, қазақтығың шалқып ұшса арманың бар ма-ай!