Сағындырып ауылды сағындырып бауырды
Шетел асқан жас өркен терең ойға салынды
Күнді өткізбей бекерге елге қызмет етерге
Аттануда жастарың білім қуып шетелге
қайырмасы
Жалын қылып жылдарды бағындырып шыңдарды
Қанаттары қатайып, қайраттары шыңдалды
Көркейтем деп елімді көркейтемдеп жерімді
Болашағы қазақтың адал ақтар сенімді
Білім іздеп сапалы арай таңы атады
Арманында ай мен күн Жүрегінде Отаны
Кір келтірмей халқына ата-баба салтына
Қадам баста биікке ала алмастай жарқыра
қайырмасы
Жалын қылып жылдарды бағындырып шыңдарды
Қанаттары қатайып, қайраттары шыңдалды
Көркейтем деп елімді көркейтемдеп жерімді
Болашағы қазақтың адал ақтар сенімді
-